Атырау облысында “AMANAT” партиясының бақылауынан соң Доссор-Құлсары тас жолының бір бөлігі аяқталды. Былтыр күзде басталған орташа жөндеу материалдың жетіспеушілігіне байланысты қыс бойы тоқтап қалған еді. Партияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңесі тас жол бойында көшпелі отырыс өткізіп, маусым айының басында аяқтауды тапсырған.
Жол азабын тартқан білер. Доссор-Құлсары жолының былтырдан бері жыр болған 12,3 шақырымын жөндеу жұмысы аяқталғалы халықтың қуанышында шек жоқ. Өйткені жобада айналма жол болмауына байланысты, беткі бөлігі қырылған кедір-бұдыр жолда көліктер әлсін-әлсін бұзылып, жолда қалып жататын.
АЛЫМБАЙ ШЫМБЕРГЕНОВ, ЖОЛАУШЫ:
Сәуірден бері жылдамдатты. Соған дейін біршама іркіліс болды, кедергі болды ма білмеймін ғой енді. Тегістігі жақсы. Сол жағынан қараймыз. Осы жердің өзінде жарты сағат айырмашылық бар.
“AMANAT” партияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңесінің көшпелі отырысынан соң көршілес Ақтөбе облысынан қиыршық тасты үздіксіз тасымалдауға 100 вагон бөлінген.
СЕРІК КЕРІМҚҰЛОВ, “ҚАЗАВТОЖОЛ” ҰҚ АҚ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
“Қазақстан темір жолымен” сөйлесіп, олардың вагондары бар сол вагондарды ақтөбеден алып, осы жерден материалдар алғызуға қазір көмектесіп жатырмыз вагондармен. Қазіргі уақытта былтырғы кесіп алынған жерді толықтай бітірді, әр жағын тағы да 13 шақырым жеріміз бар, оны да асфальт салады.
Құрылыс барысында жобада жоқ мәселелер пайда болды. Жаңбыр мен қар суы жер төсеміне өтіп кетіп, жолшылар 20 вагоннан артық тас төсеуге мәжбүр болған.
ҚАНЫШБЕК ШАХАРБАЕВ, МЕРДІГЕР КЛМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Езіліп кеткен жерлерді 1,5 метр төменге қазып алып, астына бекітіп, тас тастап, солай астыңғы основаниесін дұрыстап төседі. Ол жобада қарастырылмаған жұмыстар. Өзімізді мекемеміздің есебінін оның бәрін жасап шықтық, енді қалған 13 шақырымды тамыз айында бітіруге тырысамыз.
АСЛАН ДҮЙСЕНОВ, ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫ:
Асфальттың құрамындағы водонасыщение дейді, суға қанымдылығы және шықпағандықтан нығыздалуы шықпай қалады. Сол жерлердіқайтадан нығыздалып, қалпына келтірілгеннен кейін кемшілікті жойды. Сапалы салынып жатыр.
66 шақырым тас жолдың орташа жөндеуі үшін қазынадан 2 млрд 238 млн теңге бөлінген. Ендігі қалғаны - 13 шақырым. Мердігер компания өкілдері бұл жолы халыққа кедергі келтірмеу үшін 1 шақырымнан ғана жауып отырамыз,- дейді. Жолаушылардан құрылыс жүріп жатқан жерден жылдамдықты бәсеңдетіп, сабыр сақтап өтуді сұрап отыр.