Ақтөбеде жарылыс болып, өртке оранған көпқабатты үйдің тұрғындары пәтерлеріне кіруге қорқып отыр. Баспананың төбесі опырылып ортасына түскен. Көршілес подъездегі кейбір патерлердің қабырғасына да жарық түскен. Тұрғындар үйді апатты жағдайда деп танып, өздерін қауіпсіз жерге көшіруді сұрайды.
Лариса Жұмағұлова- көпбалалы ана. Оның пәтерінің еденіне жарық түсіп, жуынатын бөлменің қабырғасы жарылған. Бұл үйге бір ай бұрын ғана көшіп келген ол енді 15 жыл несиені қалай төлеймін деп шырылдайды.
ЛАРИСА ЖҰМАҒАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Бұл шынымен жарылыстың себебінен болған зат қой. Ешкім ештенені тілеп алған жоқ. Сол үшінде әділ шешім керек. Осы үйдің жарамсыз екенін дәлелдесе мен облыстық шенеуніктерден пәтер беруін талап етемін. Мен ипотека алып отырмын. Әлі он жыл ипотека төлеуім керек.
4 маусым күні болған жойқын жарылыс кезінде бір адам қаза тапты. Көпқабатты үйден алты пәтер зардап шеккен. Қазір ортанғы үш подьезд қоршалып,жабық тұр. Жарық пен көгілдір отыннан ажыратылған. Оның тұрғындары жатақханаға орналастырылған.
АСЫЛАЙ КӨШКІНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Біз ортанғы бөлмеде жатқан болатынбыз. Біздің жатын бөлме, прихожая полный жарылып кетті. Біз өз көзімізбен көргеніміз жанағы 70 квартираның асты төменге түсіп жатты. Енді ол кезде шок состояние қалай, не көріп ештене жинап үлгермедік. Жердің астына түсіп жатқанын көрдік.Өртеніп жатқанын көрдік. Сосын қуысты көріп сосын шығып кету болды ойымызда. Солай аман-есен шығып кеттік.
ДУЛАТ САҚЫПОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Зақым келген дейді екі күннен кейін ба кіріп қарады. Өзінің адамдары, комиссия, МЧС бәрі. Бәрін обойлап едік. Астының барлығы уже жарылған. Енді төрт жарлас жарылып тұр ғой. Бұлар панельный дом болған соң, бәрі қозғалған.
Үй 1971 жылы салынған. Сегіз подъезді үйде бір мыңға жуық тұрғын тұрады. Баспанаға сараптама жасалған. Қорытындысы бір аптадан кейін шығады.
АЗАМАТ ДЖАЛМУХАМБЕТОВ, «ҚАЗИНЖИНИРИНГЦЕНТР» САРАПТАМАЛЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ ӨКІЛІ:
Барлық подъезді 7,8 және бір, екі , үш подъезді қарап шықтық. Оларға жөңдеу, қалпына келтіру жұмыстары қажет. Қабырғаға еденге түскен жарықтарды зерделеу қажет. Ал 4,5,6 подъездер бойынша дәлірек нақты ақпаратты конструкторлар беретін болады. Әзірге осы үшеуінен басқа подъезде айтарлықтай қауіп жоқ.
Жарылыстан келтірілген шығын және үйдің тұруға жарамды, жарамсыздығы сараптама қорытыңдысы шыққаннан кейін белгілі болады. Әкімдік өкілдері де оған дейін ештеңе айта алмаймыз деп отыр.