$508.5 €580.66 ₽6.44
×

Астана су қоймасын 55 жылдан кейін алғаш рет тазарту жұмысы басталды

09.06.2025ж. 20:00
181
Астана су қоймасын 55 жылдан кейін алғаш рет тазарту жұмысы басталды

Астана су қоймасын 55 жылдан кейін алғаш рет тазарту жұмысы басталды. Игі бастама Президент тапсырмасы бойынша қолға алынған. Тазалау жұмыстары 13 жыл қатарынан жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Нәтижесінде Астана су қоймасының сыйымдылығы 47 млн текше метрге артады. Нысан көбірек су жинап, елорда тұрғындарын сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді. 

СЕРІК САЛТЕНОВ, «ҚАЗСУШАР» РМК АҚМОЛА ФИЛИАЛЫНЫҢ АСТАНА СУ ҚОЙМАСЫ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:

Су ресурстарымен және ирригация министрлігінің арқасында екі жерснаряд іске қосып жатырмыз. Міне қазір тұрған үлкен жерснаряд бұл дизельный. Сағатына 2 мың текше метр құм тазалайды, лай тазалайды.  55 жылда көп жиналғанғой. Бұл өйткені алғашқы рет.