Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында жаңа аурухана ашылды. Екі жүз мыңға жуық тұрғыны бар өңір аурухана құрылысының аяқталуын екі жыл күткен. Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысты.
Жаңа аурухана емдеу және оңалту орталығымен және заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған. Онда тұрғындарға керектің бәрі бар. Салтанатты шараға қатысқан министр Ақмарал Әлназарова арухананың ашылуы жергілікті тұрғындар үшін маңызды оқиға деді.
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
Барлығымызғада осы ғимарат құтты болсын! Ем іздеп келген халқымыздың емі шипалы болсын. Ауданның, облыстың халқының денсаулығы нығая берсін. Біз өз тарапымыздан тиісті деңгейде барлық жұмысты атқаратын боламыз. Біздің жұмысымыз бір жағы осы халық үшін болатын болса, екінші жағы осы жерде тұрған оң жағында тұрған біздің медицина қызметкерлері үшін. Осы кісілердің жұмыстары.
Аурухана Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша және "AMANAT" партиясының жол картасы шеңберінде салынған. Онда 200 000- мыңға жуық жергілікті тұрғын сапалы медициналық көмекке қол жеткізе алады. Айта кетейік, бұрын ауданда стационарлық жағдайда көмек көрсететін медициналық ұйым болмаған.
НҰРБЕК ҚАРАСАЕВ, "AMANAT"ПАРТИЯСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бұл негізгі осы аудан бойынша жалпы облысымыз бойынша негізгі жоба деп айтуымызға болады. Бұл "AMANAT" партиясының депутаттарының сайлауалды бағдарламасына енгізілген арнайы. Және депутаттармен осы "AMANAT" партиясының белсенді мүшелерімен бақылауда болған. Сондықтан бүгінгі таңда бұл орталық аурухананың өзінің ашылуы бұл өте ерекше маңызды шара деп айталамын.
Қазір аудандық ауруханада дәрігерлер мен орта медициналық персоналды жасақтау жұмыстары қолға алынған. Жас мамандарды тарту бойынша бағдарламалар ұсынылып, ауданға жұмыс істеуге келетін медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Бұдан бөлек, Денсаулық сақтау министрі салынып жатқан жаңа жедел жәрдем станциясына да барды. Оны пайдалануға беру ағымдағы жылдың соңына жоспарланған.