Таразда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 9 шағын ауданда «Таза аула» экологиялық шарасы ұйымдастырылды. Белсенді жастар тұрғындармен бірге аулаға тазалық жұмыстарын жүргізді. Облыс көлемінде «TazaLike», «Таза аула», «Таза қала» «Үлгілі аула» конкурстары өтуде. Жыл басынан бері өңірде 803 шақырым канал мен арық жүйесі, 79 мың тұрғын үй ауласы мен 2,7 мың шақырым көше тазаланып, 6 мыңнан тоннадан аса қоқыс шығарылды. Ағаштар егіліп, саябақ пен сквер аумақтары тазартылды.
ҚУАНЫШ САПАРҚҰЛ, ВОЛОНТЕР:
Әрдайым субботникке шығып осылай қалаға өз үлесімізді қосып жатырмыз. "Таза қала" акциясына қатысамыз. Біріншіден қаламыздың тазалығына мән береміз оған қол ұшын созамыз дегендей әр дайым қаланың таза болуына үлес қосуға дайынмын.