$508.5 €580.66 ₽6.44
×

Астанада "Бақыт құшағында" мюзиклінің соңғы кадрлары түсіріліп жатыр

Астанада "Бақыт құшағында" мюзиклінің соңғы кадрлары түсіріліп жатыр

Астанада екі айдан бері «Бақыт құшағында» мюзиклының түсірілімі жүріп жатыр. Фильм   Шәмші Қалдаяқовтың әндерімен сүйемелденген. Туынды композитордың 95 жылдығына арналған. Ол үлкен экранға сазгердің туған күнінде, яғни 23 қазанда жол тартады. Қазір шығармашылық топ ауа райының қолайсыздығына қарамастан түсірілімді жалғастыруда. Бишілер мен актерлерге жауын шашын кедергі емес. Ерекше туынды тек қазақ тілінде жарық көреді. Картинаның соңғы түсірілімінде 130-ға жуық әртіс өнер көрсетті.

САНАТ ШАПАШОВ, ФИЛЬМНІҢ БАС ПРОДЮСЕРІ, РЕЖИССЕР:

Бүгінгі таңда біздің еліміз үшін осындай Шәмші Қалдаяқовтың әндерімен jukebox мюзикл нақты осы жанр тұңғыш рет деп айтуға болады. Басты мақсатымыз негізгі идеямыз – біздің елордамыздың мәдениетін көрсету керек. Өйткені соңғы толық метражды фильм осындай үлкен жоба Астанада 15 жыл бұрын түсірілген.