9 маусымда сағат 17:40 шамасында I love Aktau шағын архитектуралық нысан маңында теңізде жүзіп жүрген 13 жастағы екі жасөспірім суға батып кетті. Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі олардың тек біреуі аман қалғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada.kz басылымы мәліметінше, зардап шеккендерді оқиға куәгерлері судан алып шықққан. Жасөспірімдердің бірі сол жерде қайтыс болды. Оқушылар жабдықталмаған орында шомылған.
"Оларды оқиға куәгерлері судан жағаға алып шыққан. Бірі, өкінішке қарай, көз жұмды. Екіншісі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді", - деді ведомстводан.
Шақырту бойынша оқиға орнында төтенше жағдай департаментінен 12 маман, бес бірлік техника және бір жүзу құралы, сондай-ақ екі жедел жәрдем бригадасы, 12 полиция қызметкері және алты патрульдік көлік барды.