$508.5 €580.66 ₽6.44
×

Семейде велосипед мінген жігітті жеңіл көлік қағып кетті

AstanaTV
09.06.2025ж. 23:32
29
Семейде велосипед мінген жігітті жеңіл көлік қағып кетті

Семей қаласында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, «КАМАЗ» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Папанин көшесінен Қаржаубайұлы көшесіне шыққан кезде жол бойымен келе жатқан велосипедшіні қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипед тізгіндеген ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем тобы келіп жетті.