$508.5 €580.66 ₽6.44
×

ТЖМ құтқарушылары Ақмола облысында ер адамды газдан уланудан құтқарды

AstanaTV
10.06.2025ж. 08:30
50
ТЖМ құтқарушылары Ақмола облысында ер адамды газдан уланудан құтқарды

Ақмола облысының Степногорск қаласында ер адам газға уланудан аман қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Төтенше жағдайлар департаментінің 101 нөміріне әйел адам қоңырау шалып, күйеуінің ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпай, гараж есігін ашпай жатқанын хабарлаған.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер арнайы құралдың көмегімен гараж есігін ашып, іштен қозғалтқышы қосулы көліктің жанында ұйықтап жатқан ер адамды тапты. Гараждың ішін көлік газдары толық жайлағаны анықталған.

Құтқарушылар ер адамды дереу сыртқа шығарып, полиция қызметкерлерімен бірге жедел жәрдем тобына тапсырды. Абырой болғанда, қайғылы жағдайдың алды алынды.