$508.42 €580.72 ₽6.48
×

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды

AstanaTV
10.06.2025ж. 11:52
87
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды

Алматыда жеңіл көлік пен автокран соқтығысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

109 құтқару қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 21:41-де 103 пультіне Саялы ықшамауданы Момышұлы көшесі, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының бойындағы көлік апаты туралы ақпарат түсті.

"Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатынан үш адам зардап шекті, олардың біреуі көлікте қысылып қалған. Сағат 22:10-да оқиға орнына 109 құтқару қызметінің құтқарушылары жетті. Олардың жедел және келісілген әрекеттерінің арқасында 22:18-де зардап шеккен адамдар арнайы техниканы қолданбай шығарылды. Құтқару жұмыстары жылдам аяқталды", — деп атап өтті 109 баспасөз қызметі.

Түрлі дене жарақатын алған үш адам жедел жәрдем бригадаларына тапсырылды. Олардың біреуі №7 қалалық клиникалық ауруханаға, екіншісі облыстық клиникалық ауруханаға, үшіншісі екінші балалар ауруханасына жеткізілді.

Бұған дейін Алматыда автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысқаны туралы жазғанбыз. Салдарынан 6 зардап шекті.