Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Үкіметте өткен брифингте елдегі ең аз зейнетақы мөлшерін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
1998 жылға дейін еңбек өтілі бар тұлғаларға ең аз зейнетақы мөлшері ер адамдар үшін 25 жыл және әйел адамдар үшін 20 жыл толық жұмыс өтілі деп алсақ, 62 мың 700 теңгені құрайды. Егер біз базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері туралы айтатын болсақ, ол барлық азаматтарға, соның ішінде еңбек өтілі жоқтарға да тағайындалады. Оның мөлшері күнкөріс минимумының 70%-на немесе 32 300 теңгеге тең, - деп түсіндірді вице-министр.
Айтуынша, елде көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі бекітілген.
Республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын зейнетақы төлемдері жиынтық зейнетақының бір бөлігін құрайды, - деді Виктория Шегай.