$511.92 €588.91 ₽6.44
×

Атырау облысында 46 жастағы тұрғынды ұйықтап жатқан жерінен танысы пышақтап кеткен

10.06.2025ж. 20:00
94
Атырау облысында 46 жастағы тұрғынды ұйықтап жатқан жерінен танысы пышақтап кеткен

Атырау облысында 46 жастағы тұрғынды  өз үйінде ұйықтап жатқан жерінен пышақтап кеткен. Оқиға Мақат ауданының Доссор кентінде болды. Полицияға марқұмның інісі хабарлаған. Қанды оқиғаға күдікті 20 жастағы аудан тұрғыны ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Марқұм мен күдікті екеуі таныс болған. Бірге жалдамалы жұмыс істеген деген дерек бар. Қазір полиция адам өлтіру бабымен тергеуді бастады.  

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Мақат ауданы Доссор кентінде  1979  жылы туған ер адамның  өз үйінде танысының қолынан  қаза болғаны анықталды.  Күдікті ізін суытпай ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда қылмыстық іс тіркеліп, кешенді  тергеу  амалдары жүргізілуде.