$511.92 €588.91 ₽6.44
×

Ақтөбеде қос бүлдіршінін тұншықтырып өлтірген әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

10.06.2025ж. 20:00
92
Ақтөбеде қос бүлдіршінін тұншықтырып өлтірген әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Ақтөбеде өзінің 11 айлық және 3 жастағы екі баласын өз қолымен тұншықтырып өлтірген әйелге қатысты сот үкімі  шықты. 29 жастағы келіншек қылмыс жасаған сәтте ақыл -есінің дұрыс күйде болмағандықтан қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, арнайы психиатриялық емдеу мекемесіне мәжбүрлеп емдеуге жіберілді. Еске сала кетейік,   қайғылы оқиға биыл  наурыз айында Қандыағаш қаласында болды. 29 жастағы келіншек өзінің ұлы мен қызын жастықпен тұншықтырып өлтірген. Сот процесі кезінде арнайы психологилық-психиатриялық сараптама тағайындалып,   ақыл-есі дұрыс емес деп танылған.  Оған  созылмалы психикалық бұзылысқа шалдыққан деген диагноз қойылған. Ол сотқа қатысқан жоқ. Күдікті қазір Алматы облысында психикалық емдеу орталығында ем алып жатыр.   

КҮДІКТІНІҢ ӘКЕСІ:

Кішкентай қызды босанғаннан кейін екі үш айдан кейін жайлап өзгере бастады. Өмір сүргім келмейді. Анау-мынау деген әңгім айта бастады. Январьда Жеңісбек жұмыстан шығып келген ба? содан кейін қатты күшейіп кетті. Маған енді жұмыс жоқ. Күн көре алмаймыз. Қиындықта қалдық. «Өзім де өлемін, балдарымды да өлтіремін» деді. 


Күдікті негізі  Атырау облысында тұрған. Жүйкесі жұқарып, қатты депрессияға түскен соң, әкесі Қандыағашқа емдетуге әкелген көрінеді.Бірақ кәсіби мамандардың көмегіне жүгінемін дегенше балаларына қол жұмсап ауыр қылмыс жасаған көрінеді.

НҰРЛАН БАҚТЫҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Қылмыстық Процесстік кодекстің 519,522 баптарын басшылыққа алып, сот қаулы етті. ҚР ҚК 99 бабы 3 бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты есі дұрыс емес күйде жасаған Гүлжанат Дәулетбайқызы Дәулетбаева қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Қылмыстық кодекстің  99 бабы 1 бөлігінің 2 тармағына сәйкес Гүлжанат Дәулетбайқызы Дәулетбаеваға  жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық ауруханада мәжбүрлеп емдеу тағайындалсын.