$511.92 €588.91 ₽6.44
×

Шымкентте психикалық аурухананың екі қызметкері 15 жылға сотталды

Шымкентте психикалық аурухананың екі қызметкері 15 жылға сотталды

Шымкентте психикалық аурухананың екі қызметкері 15 жылдан жаза арқалады. Олар жұмыс кезінде кәмелетке толмаған қызды зорлаған. Қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды. Сотталғандар Түркістан облысына қарасты психикалық денсаулық орталығында санитар-бақылаушы болып жұмыс істеген. Олар былтыр орталықта емделіп жатқан екі науқастың дәрменсіз күйін пайдаланып еркінен тыс бірнеше рет зорлық көрсеткен. Оның бірі -өзінің іс-әрекетіне жауап бере алмайтын кәмелетке толмаған қыз. Салдарынан 17 жастағы емделуші жүкті болып қалған. Ал екінші жәбірленуші бұл жағдайдың бірнеше рет қайталанғанын айтады. 

ЖӘБІРЛЕНУШІ:   

Ол күші көп, менің шамам келмейді. Мысалы дәрі ішкеннен кейін әлсірейсің. Шамаң келмейді и анандай түрме сияқты жерде қашып кетуге возможность жоқ ол жерде. Мысалы ол жерде камера көп жерде жоқ еді. Екі-үш-ақ жерде болатын. Алдында мен полициямен барған кезде уже мен айтқан жерлерге камера қойып тастапты. 


Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сотталған екеудің туыстары мен қорғаушылары сот шешіміне наразы. Олар апелляциялық шағым түсіретінін жеткізді. 

БАТЫРБЕК АРЫНТАЕВ, АДВОКАТ:

Шыққаннан кейін қыздың жаңағы айтып отырған жалған сөздерінің арқасында ұйымдастырылған іс деп ойлаймыз. Жала жабылып отыр. Ешбір дәлелдеме жоқ іс бойынша. Емхананың бәрі толық камерамен қамтамасыз етілген. Камералар олардың зорлағаны туралы ешқандай дәлелдемелері жоқ. Сотқа айыптау тарапы ешқандай дәлелдеме ұсынған жоқ.