Оралда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, төрт адам зардап шекті. Оның екеуі фельдшер. {КСМ:} Полиция дерегінше, жедел жәрдем бағдаршамның қызыл түсі жанса да тоқтамай, жеңіл көлікке соғылған көрінеді. Жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, куәлігінен айрылуы немесе қомақты айыппұл төлеуі мүмкін. Қираған көліктердің жолаушылары ауруханаға жеткізілсе де, ем-домнан бас тартқан. Ал жеңіл мәшиненің жолаушысы - 13 жастағы қыз қазір балалар ауруханасында ем алып жатыр.
АХМЕТ ОРЫН, БҚО КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ НЕЙРОХИРУРГ ДӘРІГЕРІ:
Бас сүйегінің рентгеннограммасы, кеуде қуысының рентгеннограммасы түсіріліп, ошақты өзгерістер жоқ. Қазіргі жағдайда бөлімшеде емін алуда. Жағдайы тұрақталды. Компьютерлік томография өтті. Компьютерлік томографияда ошақты өзгерістер анықталмады. Консервативті емін алуда бала. Қазіргі жағдайы тұрақты.