Алматыда автобус бес көлікті соғып, алты адам ауыр жарақат алды. Жазатайым жайт Сейфуллин даңғылының бойында болған. Куәгерлердің айтуынша, №33 бағытында жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көлік қиылыста тұрған жеңіл машиналарды қағып кеткен. Полиция департаменті жүргізушінің рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткенін анықтады. Ауыр дене жарақатын алған алты адам медициналық көмекке жүгінген.