Дональд Трампты ақыры сотқа берді. Калифорния штатының губернаторы бастап, бір топ шенеуніктер Жоғарғы Сотқа шағымданды. Себебі, АҚШ Президенті Лос-Анджелеске қосымша әскер кіргізді. Трамптың Илон Маскпен дауы да жалғасып жатыр. Мемлекеттік қызметтер үшін сатып алынған Тесла көліктерінің барлығын Ақ үйден құртамын дейді, - АҚШ Президенті. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.
Тарихта алғаш рет АҚШ теңіз-жаяу әскер корпусы АҚШ аумағында қызметіне кірісті. Негізінен шетелде арнайы операциялар кезінде жұмылдырылатын жасақ, 2000 Ұлттық Ұлан әскеріне қосылып, Лос-Анджелеске кіргізілді. Президент Дональд Трамптың айтуынша, қаланы латынамерикалық басбұзарлар басып алған.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Бұл ереуілшілерді сырттан біреу басқарып отырған секілді. Олар жақсы дайындалған. Қазір, мемлекеттік қызметшілерге қауіп төніп тұр. Оларды өлтіремін деушілер де бар. Сондықтан, қаланы толықтай бақылауға алуға тура келеді.
Калифорния штатының билігі ақыры Трампты сотқа берді. Жөн-жосықсыз қалаға әскер кіргізді деп айыптаған губернатор – Гевин Ньюсом мен бір топ шенділер Жоғарғы Сотқа шағым түсірді. Олардың ойынша, қаладағы тәртіпті Трамптың өзі бұзып отыр. Әскер кіргізу – тек зорлық-зомбылықтың артуына және адам шығынына алып келукі мүмкін деген пікірді ұстануда.
РОБ БОНТА, КАЛИФОРНИЯ ШТАТЫНЫҢ БАС ПРОКУРОРЫ:
Әр штаттың өз егемендігі заңмен бекітілген. Трамп болса, бұл заңды белшесінен басып отыр. Біз сотта міндетті түрде жеңіске жетеміз. Қай жағынан алып қарасаңыз да, Президентте еш мүмкіндік жоқ.
Трамптың Илон Маскпен де жанжалы бітпей жатыр. Мемлекет мүддесіне аса қажет ғарыш пен әскери салаларда миллиардермен шартты үземін деген АҚШ Президенті тағы бір санкцияны көздеп отыр. Жақын арада Ақ үйде Маскқа тиесілі Тесла компаниясының электрокарлары да болмайтын секілді.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Маск есінен алжасқан. Оның есірткі қабылдайтынын да білемін. Ал біздің Үкіметті келеке қылғаны үшін ол жазаланады. Ақ Үйде жақын арада бірде-бір Тесла көліктері болмайды. Ол жақсылықты түсінбейді екен. Соған көзім жетті.
Даудың басы Трамп «Ең керемет әрі әдемі заң», - деп аталған биль. Оны шошқа етінен жазылған, елді шығынға батырады, - деп Маск сынға алған соң, Трамп та ашуына мінген еді.