$517.45 €598.59 ₽6.58
×

Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің мүлкін жымқыруға қатысты дау әлі шешілер емес

AstanaTV
10.06.2025ж. 20:00
131
Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің мүлкін жымқыруға қатысты дау әлі шешілер емес

Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің  мүлкін жымқыруға қатысты дау әлі шешілер емес. Айта кетейік, 2006 жылдан бері оқу орнына тиесілі 3 жатақхана, 5 ірі зертхана мен 6 гектар жер жеке меншік иелікке өткен.  Мұнда қаланың бұрынғы егжей-тегжейлі жасалған жоспары бойынша жаңа қожайын тұрғын үй кешенін салуды көздеген. Нысанға бақылау жүргізген «АМАNАТ» партиясының мүшелері: «Бұл заңсыз», - деп дабыл қақты. Оның үстіне бұл  студенттердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін көрінеді. 

ЕРЛАН САИРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:


Қазір мына жерде міне студенттердің өміріне және денсаулығына кәдімгіше қауіп төндіріп отыр. Бұл шынын айту керек Алматы қаласының ортасында үлкен бір техногендік катастрофа болуы мүмкін. Сондықтан мен дәл осы жерде Қазақстан Республикасының прокурорына мәлімдеме жасап тұрмын. Міне, мынандай бассыздықты қазір тоқтату керек.