Қазақстан
мен Қытай аграрлық салада бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Бүгін қазақ-қытай
инвестициялық аграрлық форумында құны 160 миллион долларлық келісімге қол
қойылды.
Сондай-ақ,
тараптар қазақ аграрлық-техникалық университетінің қабырғасында аграрлық
технопарк құруды да жоспарға енгізді. Және аспан асты елінің қаражатына
биоқауіпсіздікті қамтамасыз ететін зертхана құрылады.
Гүлмира
Исаева, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:
Шара
барысында 160 млн доллар көлемінде инвестиция тарту және сауда бойынша
ынтымақтастық жөніндегі 7 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде үшеуі сауда бағытын
қамтиды. Бұл келісімдер ҚХР-ге 200 мың тонна дәнді-дақыл және 100 мың тонна
майлы дақылдарды экспорттауға сонымен қоса, аталған дәнді-дақыл түрлерін
шекаралық аймақта сақтайтын терминал құруға мүмкіндік береді.
Ортақ
51 кәсіпорында тек қазақстандықтар жұмыс істейтін болады. Мұны вице-министр
айтты. Ал түрлі жабдықтарды орнату үшін бірнеше елдерден мамандар шақырылатын
болады.