Соңғы жылдары аса танымал болған ChatGPT чат-ботының жұмысында ақау пайда болды. 10 маусым күні таңертеңнен бері әлемдегі қолданушылар нейрондық желіден сұраулар жібере алмайтынын немесе жауап ала алмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Downdetector порталы ChatGPT проблемасы туралы есеп күрт өскенін тіркеді. Оның деректері бойынша, барлық тіркелген оқиғалардың 90%-ға жуығы қызметтің негізгі бөлігі – жауаптарды қалыптастырудың бұзылуына тікелей байланысты.
OpenAI ресми сайты ақау болғанын растады.
«Біз проблеманың пайда болғаны туралы білеміз және оны шешу үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз», - делінген пайдаланушыларға арналған хабарламада.
Қызметтің жаппай істен шығу себебі әзірге белгісіз.