$507.8 €580.82 ₽6.44
×

«Әдейі сатып алдық»: Фариза Төреәлі өзін сынағандарға жауап берді

AstanaTV
11.06.2025ж. 00:10
163
«Әдейі сатып алдық»: Фариза Төреәлі өзін сынағандарға жауап берді

Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза жолдасы Дарханмен бірге қайын атасына көлік сыйлаған болатын, деп жазады turkystan.kz.

Алайда желі қолданушылары Фаризаны қайын атасына арзан көлік сыйлады деп сынға алды.

«Өздері 10 миллион теңге тұратын бренд алады, әкесіне 8-9 миллионның затын сыйлайды», «Осы уақытқа дейін әкелеріне көлік сыйламаған ба?», «Осы уақытқа дейін әйелін жарқырата беріп, әкесіне көлік мінгізбеген бе?» деп жазды жұрт.

Фариза Төреәлі бұл сынға жауап беріп, не себепті арзан көлік сыйлағандарын түсіндірді.

«Біз әдейі осы көлікті сатып алдық. Бұл – ол кісінің алғашқы көлігі. Әзірге үйреніп жүр. Ең бастысы, әкеміз риза. Қалғаны өз уақытында бола жатар», – дейді ол.