$507.8 €580.82 ₽6.44
×

Қатерлі ісікті емдеу: елімізде робот көмегімен ота жасалмақ

AstanaTV
11.06.2025ж. 07:33
185
Қатерлі ісікті емдеу: елімізде робот көмегімен ота жасалмақ

Елімізде қатерлі ісікті емдеудің жаңа тәсілдері енгізіліп жатыр. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында робот көмегімен жасалатын операция қолға алынды.Бұл туралы мекеменің басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Науқасқа қатерлі ісік диагнозы қойылған кезде қаңқа сүйектеріне арнайы 3D-протездер орнатылады. Мамандар бас және мойын ісіктеріне микрохирургиялық ота жасауды да жоспарлап отыр.

«Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесі жетілдіріліп жатыр. Бұл пациент туралы бүкіл мәліметті бақылауға мүмкіндік береді. Нақтырақ айтқанда, диагнозды растаудан бастап, емдеу тактикасы бойынша көпсалалы топтың шешіміне, емдеу жоспарының орындалуына және аурудың өршуі жағдайында есірткі анальгетиктерін тағайындауға дейін тиімді бақылауға жағдай жасайды», – деді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов.