Аустрияның оңтүстік-шығысындағы Грац қаласындағы мектепте болған атыстан кемінде 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Шабуыл салдарынан тоғыз адам – жеті оқушы мен бір ересек адам, сондай-ақ қаскөйдің өзі қайтыс болған.
Болжам бойынша, қарулы шабуылды осы мектептің 22 жастағы бұрынғы түлегі жасаған. Атыс кезінде шамамен 30 адам жарақат алса, соның ішінде төрт адамның жағдайы ауыр деп бағалануда.
The Guardian басылымының мәліметінше, бұл оқиға Аустрияның соғыстан кейінгі тарихындағы ең көп адам өліміне әкелген мектептегі шабуыл болып отыр.
Оқиғаға байланысты бірқатар еуропалық көшбасшы қайғылы жағдайға көңіл айтты, олардың арасында Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен де бар.