Кәдімгі екі әріптен тұратын "Иә" сөзі алматылық азаматқа айыппұл мен полициямен тексеріс әкелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.
30 жастағы Алматы тұрғыны Астанаға ұшуға дайындалып жатқан. Әуежай қызметкері әдеттегідей "тыйым салынған заттар бар ма?" деген сұрақ қойған кезде, азамат: "Иә" деп жауап беріп, артынан бұл әзіл болғанын айтып, толықтырған.
Алайда қауіпсіздік қызметі бұл сөзді жауапкершілікпен қабылдады. Қауіп төнуі мүмкін деген ақпарат тіркеліп, әуежай тексерілді. Абырой болғанда, эвакуация қажет болмады, жұмыс қалыпты режимде жалғасты. Алайда бұл "әзіл" жасаушыны жазадан құтқармады — ол ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция өкілдері ескертеді:қауіпсіздікке қатысты кез келген сөз, тіпті әзіл ретінде айтылса да, құқықбұзушылық болып саналады.