Отандық
тауар өндірушілердің шетелдік экономикалық алпауыттармен терезесі тең болуы үшін
заманауи технологияға басымдық беру керек. Бүгін Қызылжар өңіріндегі өндіріс
ошақтарын аралаған міжіліс депутаттары осылай деді.
Өзге елдердің нарығын
бағындыруда петропавлдық «Көпсалалы қондырғылар зауытының» айтарлықтай
жетістігі бар. Кәсіпорын тау-кен өндірісіне арналған бұрғылау қондырғыларын
жасаумен айналысады. Серіктестік 2013 жылдан бастап өз өнімін экспортқа шығара
бастады. Зауыт жуық арада ауыл шаруашылығы саласын да түрлі жабдықтармен
қамтуды көздеп отыр.
Сағадат Ақжанов, «Көпсалалы қондырғылар зауыты» ЖШС директорының орынбасары:
2010 жылдан бастап техникамызды жаңартып
келеміз. Неміс, Жапон, Кәріс қондырғыларын сатып алдық. Енді болашақта ауыл
шаруашылығы техникасына тіркелетін және үстіне киілетін жабдықтарды жасағымыз
келіп тұр. Қазір осы саланы белсенді түрде зерттеп жатырмыз.
Ольга
Шишигина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының
мүшесі:
Біздің
ең басты мақсатымыз - Елбасының жолдауын егжей-тегжейлі түсіндіріп, олардың пікірін
білу. Бүгінде жер жаһанда механикалық жаңғыру болып жатыр. Қазіргі жаңа технологиялар дәуірінде электронды қондырғыларға бет бұру керек. Сонда ғана отандық кәсіпорындар шетелдік компанияларға бәсекелес бола алады.