Илон Маск АҚШ президенті туралы кейінгі жазбалары үшін көпшілік алдында кешірім сұрады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Tesla және SpaceX негізін қалаушы мәлімдемелерінде тым артық кеткенін мойындады.
– Өткен аптада президент туралы жазған кейбір жазбаларыма өкінемін. Шектен шығып кетіппін, - деп жазды кәсіпкер X желісінде Дональд Трамптың аккаунтын белгілеп.
Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлайды.