$533.61 €621.07 ₽6.78
×

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары өңірлерді аралап жүр

AstanaTV
11.07.2017ж. 20:00
1907
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары өңірлерді аралап жүр

Оралда салынып жатқан мектептердегі құрылыс материалдарының 80 пайызға жуығы отандық. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлімдеді.

Депутаттар "Нұрлы Жол" бағдарламасына бөлінген Ұлттық қор қаражатының аймақтарда қалай жұмсалып жатқанына бақылау жүргізіп жатыр. Халық қалаулылары ат басын бұрған №4-мектеп наурыз айында бұзылып, іргетасы жаңадан құйылды. Мектепті бір жазда салып бітіруге бекінген құрылысшылар қазір ішін әрлеп жатыр. Республикалық бюджеттен 940 миллион теңге бөлінген. Мектеп қараша айында пайдалануға беріледі. Депутаттар құрылысшылардың жоспарды асыра орындап жатқанын айтты. "Ал басқа өңірлердегі құрылыстар жарты жылға кешігетінін ескерсек, Орал бәрінен озық", - дейді олар. Қазір Оралда Ұлттық Қор қаржысының 4,3 миллиард теңгесіне 4 мектеп салынып жатыр. Бұл білім ошақтарында 2 100 оқушы білім алады.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, "нұр отан" фракциясының мүшесі:

Мектеп құрылысындағы қазақстандық үлес 80 пайызға жуықтайды. Бұл - өте жоғары көрсеткіш. Барлық жерде бірдей ондай мүмкіндік жоқ. Өйткені Оралда одақтың кезінен үлкен силикат кірпішін шығаратын зауыт бар. Ол толыққанды қамтамасыз етеді. Бұған қоса, фундамент блоктары, жабын плиталары, есік-терезелердің бәрі Оралдың өзінен жасалады.