$511.92 €588.91 ₽6.44
×

Атырау облысында жанар-жағар май бекетіндегі жарылыстан зардап шеккен кәсіпкерлер кімнен көмек сұрарын білмей сабылып жүр

11.06.2025ж. 20:00
95
Атырау облысында жанар-жағар май бекетіндегі жарылыстан  зардап шеккен кәсіпкерлер кімнен көмек сұрарын білмей сабылып жүр

Атырау облысында жанар-жағар май бекетіндегі жарылыстан  зардап шеккен кәсіпкерлер кімнен көмек сұрарын білмей сабылып жүр. Жанар май бекеті басшылығы алғашында бағалаушы жіберіп, мәселені шешуге тырысқанымен, кейін мүлдем байланысқа шықпай қойған. Ал жергілікті  полиция арызды қабылдамай,  облыс орталығына сілтеген.  Енді дүние-мүлкі мен табысынан айырылған жандар тығырыққа тірелдік деп отыр.   

Мына екі қабатты спорт кешені мен бассейнде іліп алар бір зат та қалмаған. Бәрі күлге айналыпты. 5-6 ай ғана жұмыс жасаған нысанда  қомақты сомаға алынған ондаған спорт жабдығы болған.  Бір күнде кәсіпсіз һәм табыссыз қалған кәсіпкер шарасыздықтан не істерін білмей жүр. Одан бөлек ашылуға дайын тұрған сауда орталығы да жарамсыз боп қалды. 

АҚМАРАЛ ТҮГЕЛБАЙҚЫЗЫ, КӘСІПКЕР:

3 бөліктен тұратын. 2150 метр кв іші бітіп тұрған жұмысы. Қолданысқа береміз, мына футбол несі біткеннен кейін футзал деп айтамыз ғой, сол біткеннен кейін бәрін бірге ашамыз деп отырған здания түгелімен жанып кетіп отыр+Өзіміздің іштен болған нәрсе емес, шығын өтелсе дейміз. Өзіміздің бағалаушымыз бар, соны жібереміз, сол кісілер  қарайды деп уәдесін беріп кетті ол кісі. Бүшін 12-ші күн соқсақ ешқандай жауап бермей отыр. 


Жарылыс кезінде баласын бассейінге әкеп тұрған тұрғын мен жаттықтырушының көлігі өртенген. Олардың арызын ешкім қабылдамай қойыпты  

АСЛАН ҚАЗИЕВ, ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Нарықтағы бағасы - 9 млн. Сондай деп бағаланады. Бұл еще банкте тіркеуде тұр машина. +Неше күн артынан жүрдік. РОВД-ға да бардық, тергеушіге де бардық. Ол жерге де арыз жазғымыз келді. Кеше бардым, маған айтқаны: істің бәрін облысқа беріп жіберді, енді арызды сол Атырауға барып жазасыз,- дейді. 


Зардап шеккендердің шығынын  апат болған мекеменің иесі өтейді. Мемлекеттен ешқандай көмек көрсетілмейді,- дейді төтенше жағдайлар депаратаменті басшылығы Айтуларынша, алдын –ала зерделеу кезінде мамандар жанар-жағар май бекетінің  заңсыз жұмыс істегенін анықтапты.

СЫРЫМ ЖАЙМАҒАМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған жанар-жағар май бекетіндегі депарартаментпен келісім беру қажетті жобалау құжаттары келісімделмеген. Және де жарылған резервуар көлемі 25 кубтық  Атырау облысы ТЖ департаменті есебінде қойылмағаны анықталды. Заңсыз жұмыс жасаған деп айтуға болады. 


Бекеттің Құлсары қаласындағы филиал басшылығы  төтеншеліктердің айыбымен келіспейді. Толықтай жоққа шығарып отыр. 

ЛӘЗЗАТ ҚУАТБАЕВА, «НИЕТ» ЖШС ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Заңсыз деп айтуға қалай аузымыз барады? Мен де қызметкермін ғой осы жұмысқа келген. Маған дейін де жұмыс жасап тұрған мекеме. Ол қалай заңсыз болады? Бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келе жатыр. 5-6 жыл емес, 10 жылдың үстінде, 20 жылға жуық жұмыс жасап келе жатқан компания ғой. 


Арнайы құрылған комиссия жарылыс себебін анықтап жатыр. Қорытындысы тек 1 айдан соң белгілі болады. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады.