$511.92 €588.91 ₽6.44
×

"Лицензиясы бар ұйымдардың өзі заңға қайшы әрекеттер жасайды", - О. Ертісбаев

"Лицензиясы бар ұйымдардың өзі заңға қайшы әрекеттер жасайды", - О. Ертісбаев

Микроқаржы ұйымдарының құрығына түсіп қалмаңыз! Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары халықты сақ болуға шақырады. Департамент басшысының орынбасары Олжас Ертісбаев лицензиясыз, өз қызметтерін астыртын жүргізген микроқаржы ұйымдары анықталғанын айтты. Олардың кейбірі онсыз да қарызда жүрген халықты былыққа батырған. Борышкерлерді сыбайлас компаниялармен келісімшартқа отыруға мәжбүрлеп, заңсыз 30 млрд теңге пайда тапқан. 

ОЛЖАС ЕРТІСБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі уақытта елімізде 40-тан астам лицензиясы бар микроқаржы ұйымы ресми тіркелген. Алайда тергеп-тексеру барысында тіркеуде жоқ, астыртын жұмыс жүргізіп жатқан ұйымдар өте көп. Тіпті лицензиясы бар ұйымдардың өзі заңға қайшы әрекеттер жасайды. Заңның атын жамылып, өз әрекеттерін ақтап алады. Осыған байланысты халықты сақ болуға шақырамыз.