Павлодарда астан ұшынғандар саны артты. 50-ге жуық адам дәрігер көмегіне жүгінген. Өзін жайсыз сезінген той қонақтары күн санап көбейіп барады. Естеріңізге салайық, қыз ұзату тойына барған 34 адам ұшынып қалған болатын. Оның 20-сы ауруханаға жатқызылып, 14-і амбулаторлық емдеуге жіберілді. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпарат бойынша ауруханаға жатқызылған науқастар саны 25-ке жетті. Полиция іс қозғады.
ЖАННА БІЛӘЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Павлодар қаласындағы кафелердің бірінде улану фактісі бойынша Павлодар облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеруді бастады, оның нәтижелері бойынша полиция іс жүргізу шешімін қабылдайды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.