Атырауда қарақұрт шаққан адамдар бірінен соң бірі ауруханаға түсіп жатыр. Тек биылғы мамыр айынан бері облыста 9 адамды улы жәндік шаққан. Оның алтауы ауруханада емделді. Науқастардың кейбіреуін жансақтау бөлімшесіне салуға тура келген. Зиянкес далалық аумақта ғана емес, қора-қопсы, аула мен үйдің айналасында толып кеткен. Күн ысыған сайын көбейіп бара жатқанын айтып дабыл қағуда. Мамандар қарақұрт шаққан адамда хроникалық ауруы қозып, жүрек қысылып, демалыс қиындайды дейді. Улы жәндік үлкен-кішіні талғамайды. Жуырда 17 жастағы жасөспірім емделіп шықты. Былтыр жүкті әйелді шағып алған. Сондықтан дереу дәрігерге көмегіне жүгінуге кеңес береді.
БАУЫРЖАН РАХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ТОКСИКОЛОГ ДӘРІГЕРІ:
Үшеуі реанимация бөлімшесінен өтті. Қалғандары токсикология бөлімшесінен өтті. Емі жасалды. Жағдайлары жақсарып келе жатыр. Бел омыртқаның тұсы ауыра бастайды. Аурудың күші көбейе бастайды. Қара терге түседі. Жүрегі қысылады біреудің. Әркімнің қандай хроникалық аурулары бар сол қозады. Демалысы қиындайды.