Елордада шомылу маусымы басталды. Ыстықтан пана іздеген қала тұрғындары жағажай жағалап жүр. Оның рұқсат берілгені де, берілмегені де бар. Сондықтан, қауіпсіздік шаралары да ерекше бақылауда. Осыған орай, қалалық төтенше жағдайлар департаменті мен АМАNАТ партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері тұрғындармен жұмысты бастап кетті.
Жылда шомылу маусымы басталған кезде құтқарушылар жанын шүберекке түйіп отырады. Биыл да, өзен бойын толықтай бақылауға алған. Әсіресе, балалар үшін қатты алаңдайтынын айтуда. Судың қаншалықты қауіпті екенін еріктілер айтудан шаршамайды. АМАNАТ партиясы "Жастар рухы" жастар қанатының еріктілері төтеншеліктерге көмектесіп, сақтық шараларын ескертіп жүр.
ТИМУР ГИЗАТУЛЛИН, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ МҮШЕСІ:
Біз адамдарға сақтық шараларын түсіндіріп жатырмыз. Біздің мақсатымыз – айыппұл салу емес, судың қаупін түсіндіру, әсіресе, балаларға. Ажал айтып келмейді. Біз – бар болғаны тұрғындардың жанын ажалдан арашалап қалғымыз келеді.
Бірақ, төтеншеліктердің айтқан ескертпелерін елемейтіндер де жоқ емес. Сондықтан, құтқарушылар күні-түні 24 сағат адамдар жүрген су жағасын торуылдап жүр. Себебі, кез-келген сәтте оқыс оқиға болуы мүмкін.
МӘДИ МАҒАУИЯНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ОФИЦЕРІ:
Адамдардың түсінетіндері бар, түсінбейтіндері бар. Сол үшін жиі рейдтік шаралар жүргіземіз. Осы уақытқа дейін 11 айыппұл салынды. Оның ішінде жасөспірімдер де бар. Олардың ата-аналарына салдық. Кәмелеттік жасқа толмаса ата-аналары жауап береді.
Шомылу маусымы басталғалы бері бір жасөспірім суға батып, қайтыс болды. Құтқарушылар алдын алу шараларының аясында 3 адамның өмірін ажалдан арашалап алған.