$511.92 €588.91 ₽6.44
×

2025 жылғы ұлттық фильмдерді іріктеу питчингі басталды

11.06.2025ж. 20:00
171
2025 жылғы ұлттық фильмдерді іріктеу питчингі басталды

Алматыда  2025 жылғы ұлттық фильмдерге үміткер киножобалар үшін ашық питчинг өтуде. Бұл – Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жариялаған іріктеу конкурсының шешуші кезеңі. Іріктеу екі кезең бойынша жүзеге асты. Алдымен сценарийлер мен сценарий жоспарлар қаралып, тақырыптық жоспарға сай келетіндері екінші кезеңге өткен болатын.  Биыл байқауға 444 өтінім түсіп, қорытындысы бойынша құжаттардың толық пакетін тапсырған 99 жоба ашық қорғауға жолдама алды. Бұл конкурстан өткен қатысушылар ары қарай қаржыландыруға жіберіліп, жыл соңында түсірілімге кіріспек. 

ӘДІЛЕТ ОМАРОВ, ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҚОЛДАУ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Қорғау өтіп жатыр. Бүгін бізде 3-ші күн. Бұл 99 жобадан іріктеліп өткен жобаларлар ары қарай ведомствалық комиссияның қарауына жіберіледі.Комиссия Жобаларды қарап, ішінен таңдап, қаржыландыруға жобаларды іріктеп алады. Осы жобалар осы жылдың соңынан бастап, келесі жылдан бастап, өндіріске жіберіледі. Одан кейін прокатқа жолдама алады.