Астанадағы «Ұрпақ camp» жазғы лагері бүлдіршіндерді ертегілер еліне алып келді. Театрландырылған қойылымдар арқылы балалар өздерінің шығармашылық қырларын танытып, көрермендерін қуантты.
Бұл лагерь – балалардың көпшілік ортада еркін сөйлеп, ой бөлісуіне, ақыл-ойын дамытуға бағытталған алаң. Ал бүгін олар ертегі кейіпкерлеріне айналып, сахна төрінде өздерін байқап көрді. Арнайы костюмдер киіп, сценарий бойынша дайындалған қойылымдарын ұсынды.
ДИДАРАЙ АЛИЕВА, ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:
Балалардың шығармалшылық қабілетін дамыту, оның ішінде пән тұрғысынан бейіндік лагерь, спортық ойындап ұйымдастырылады. Сонымен қатар, сыртқа шығу ол - театрға шығу, "Оқушылар сарайында" түрлі, басқа да қойылымдық спектакльдерді көру арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінгі қойылым – ермек қана емес. Балалар сахна арқылы парасаттылық, әділдік, мейірімділік сияқты адами құндылықтарды бойларына сіңірді. Әр кейіпкер – бір сабақ.
ГҮЛСАЯ ӘЛІБЕК, ЛАГЕРЬ БАСШЫСЫ:
Қазір өздеріңіз көріп тұрғандарыңыздай, балалар өте жақсы деңгейде келген. Қызығушылықтары өте жоғары деңгейде. Өздеріне қызық, балаларды білесіздер ғой, бастауыш сынып оқушылары өте барлығына қызығушылықтары өте жоғары. беттерін бояп келген, персонаждардың киімдерін киіп келген.
Жазғы демалыс бүлдіршіннің есінде лагерьмен қалатыны анық. Бұл жер – балалар үшін жай демалыс орны ғана емес, шығармашылық шабытқа толы жазғы мектеп болмақ.