Оралдық жастар халықты тазалыққа үндеді. Өйткені айналаны мұнтаздай мінсіз қылу - баршаға ортақ міндет. Бұл жолы белсенді жастар тұрғындарға мұның мән-мазмұнын түсіндіріп, түрлі үгіт парақшаларын таратты. Сонымен қатар тазалыққа қатысты қалалықтар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізді. Осылайша елдің көзқарасы мен пікірін біліп, желіге жүктемек.
НҰРСҰЛТАН СӘРСЕНБАЕВ, БҚО ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Базар аймағындағы кіші кәсіпкерлікпен айналысып отырған кәсіпкерлердің айналасындағы қоқысты шашпауға түсінік жұмыстарын жүргізіп келдік. Сауалнамалар көптеп жүргізіліп жатқаннан кейін олардың бірқалыпты қабылдауы, кейбір жағдайда таңғалғандары да болды арасында. Жалпы халыққа ұнады деп ойлаймыз.