$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Батыс Қазақстан облысына қарасты Ақсай қаласында 320 орындық балабақша ашылды.

AstanaTV
11.07.2017ж. 20:00
7064
Батыс Қазақстан облысына қарасты Ақсай қаласында 320 орындық балабақша ашылды.

Батыс Қазақстан облысына қарасты Ақсай қаласында 320 орындық балабақша ашылды. Мектепке дейінгі білім мекемесі "Қарашығанақ-1" ықшам ауданында орналасқан. Аталмыш әлеуметтік нысан "КПО биви" жергілікті компанияның бөлген қаражатына салынды. Салтанатты ашылымға облыс әкімі Алтай Көлгінов пен Мәжіліс депутаты Бақтияр Мәкен қатысты. Салтанатты ашылу.

Ақсай кентінде салынған бұл балабақша Батыс Қазақстан облысына қарасты Березов пен Бестау ауылдары тұрғындарын көшіру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында салынған. Айта кетсек, 2015 жылдың өзінде 80-ге жуық жанұя Ақсай қаласына көшірілген болатын. Жобаның  бас мердігері - «Уральскстройинвест» ЖШС.

Марат Кәрімов, КПО бас директорының орынбасары:

Березовка және Бестау ауылдары. Осы ауылдарды біздер қазір екі этап бойынша көшіріп жатырмыз. Енді ағымдағы жылы біздер көптеген жаңа ғимараттар салып жатырмыз.

Кішкентай ақсайлықтар үшін бұл балабалашада барлық қажетті жабдықтар, жиһаздар және интерактивтік құралдармен қамтамасыз етілген. Балалар қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде тәлім алатын болады.

Сонымен қатар, гимнастика залы спортпен шұғылдануға арналған заманауи құрылғырмен жабдықталған. Аталмыш балалар мекемесіне 645 миллион теңге жұмсалған. КПО бас директорының айтуынша, облыста бұдан бөлек бірнеше білім ғимаратының құрылысы аяқталып жатқан көрінеді.

Марат Кәрімов, КПО бас директорының орынбасары:

Соған қоса біздер 300 орынды мектепті салуды аяқтап жатырмыз қазір. Сол ғимараттардың ішіндегі біріншісі 320 орынды бала-бақша. Біздер мына Астана күнінің қарсанында осы ауданының экономикасына өзіміздің кішігірім үлесімізді беріп тұрғанымызға өте қуаныштымыз.

КПО жергілікті кәсіпорны - тұрақты дамуды және әлеуметтік-жауапты серіктестікті үнемі қолдап отыратын компания. Сондықтан ел игілігі үшін одан әрі де жұмыс істеуге дайын.