$511.77 €593.19 ₽6.41
×

Алматыда өртке оранған үйден ер адамның мәйіті табылды

AstanaTV
12.06.2025ж. 10:22
115
Алматыда өртке оранған үйден ер адамның мәйіті табылды

Алматыда бірден екі үйден өрт шықты. Жалын 500 шаршы метрден астам аумақты шарпыған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнында жедел штаб құрылды. Өрт сөндірушілер бірнеше учаскеде жұмыс істеді. Оқиға орнына 15 техника мен 50-ден астам қызметкер жұмылдырылған.

"Бірнеше иесі бар барақ типтес тұрғын үйде өрт шығып, жалын төрт иесі бар көрші үйге және монша мен шаруашылық құрылысына өткен. Жалпы алдын ала аумақ 500 шаршы метрден асады. Өрт орнында ер адамның мәйіті табылды", – делінген хабарламада.

Өртті сөндіру барысында газ баллоны жарылған.