$511.77 €593.19 ₽6.41
×

БҚО-дағы 5 баланың өлімі: ТЖМ не дейді?

AstanaTV
12.06.2025ж. 14:29
85
БҚО-дағы 5 баланың өлімі: ТЖМ не дейді?

Батыс Қазақстан облысында үйі өртеніп, бес баласы қаза тапқан отбасы атаулы әлеуметтік көмек алмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев мәлімдеді.

Айтуынша, қайғылы жағдайдың алдында отбасы басқа жерде тұрған.

Былтыр қыркүйекте жылыту маусымы басталардың алдында жергілікті атқарушы органдар, волонтерлер отбасы тұрып жатқан үйде тексеріс, нұсқаулық жүргізген. Олар бұрын тұрған үйде бәрі жұмыс істеп тұрған болатын, - деп жауап берді вице-министр Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.

Сонымен қатар ведомство өкілі отбасы қайғылы жайт болған үйге бір-екі ай бұрын ғана көшіп келді деп отыр. Алайда бұл үй ТЖД мен жергілікті атқарушы билік тексеретін желіде болмаған.

Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр. Мен әзірге ештеңе айта алмаймын. Бірақ алдын ала тұжырымға сүйенсек, балалар үйде жалғыз қалғандықтан олар өздері ойнады ма, кім білсін, - деді Кеген Тұрсынбаев.