$511.77 €593.19 ₽6.41
×

Ақтөбеде балалары қызғалдақ жұлып берген әйел әкім жазаланбайтын болды

AstanaTV
12.06.2025ж. 16:33
77
Ақтөбеде балалары қызғалдақ жұлып берген әйел әкім жазаланбайтын болды

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы ауылдың бірін басқарып отырған Ләззат Бердібаева балалары сыйлаған қызғалдақты ұстап, суретке түскені үшін үстінен әкімшілік іс қозғалған болатын. Бүгін Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты істен қылмыс құрамын таппай, істі тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама бойынша 21.04.2025 жылы түскі мезгілде Қандыағаш-Жұрын тас жолының жиегінде азаматша Б. өзінің отбасымен табиғат аясында демалған.Сол уақытта оның кәмелетке толмаған балалары 10-15 қызғалдақты жұлып, анасына сыйлаған.

Полиция ауыл әкімінің балалары сирек кездесетін немесе құрып кету қауіпі төнген қызғалдақтарды жұлды деген факт бойынша әкімшілік іс қозғалған. Әкім қызғалдақтарды ұстап суретке түскенде әлеуметтік желіде шу болған еді. Яғни, полиция әйел балаларына ескерту жасамады дейді.

Істі объективті қарау үшін сот қызғалдақтардың түрін және әртүрлігін анықтау үшін ботаникалық-ғылыми сараптама тағайындаған, оған қоса, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жерді қарауға көшпелі сот отырысын ұйымдастырған.

Сот балалар нақты қай жерде өсіп тұрған қызғалдақтарды жұлғаны анықталмағанын, полиция дер кезінде мәлімет жинамай, тіпті, қызғалдартардың құнын анықтамағанын алға тартып ауыл әкіміне қатысты істі тоқтатты.