$511.77 €593.19 ₽6.41
×

Үндістандағы ұшақ апаты: бортта қазақстандықтар болды ма?

AstanaTV
12.06.2025ж. 19:29
48
Үндістандағы ұшақ апаты: бортта қазақстандықтар болды ма?

Үндістанда тұрғын ауданға құлаған Boeing ұшағы апатқа дейін бірнеше минут бұрын Mayday (төтенше жағдай) сигналын берген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы халықаралық ақпарат агенттіктері хабарлады.

Ұшақта барлығы:

169 Үндістан азаматы,

53 Ұлыбритания азаматы,

7 Португалия азаматы,

1 Канада азаматы

сондай-ақ 2 ұшқыш және 10 бортсерік болған, яғни Қазақстан азаматтары жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан 110 адам қаза тапқан.

Ұшақ қажетті биіктікті ала алмай, тұрғын үйлер орналасқан ауданға құлаған. Борт экипажы Mayday сигналы арқылы ұшақта ақау барын растаған. Қазіргі таңда апаттың нақты себебі анықталуда, мамандар қара жәшікті іздестіру және қалдықтарды зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.