$542.03 €627.29 ₽6.66
×

Биіктігі 100 метр алып лава субұрқақтары Гавайи жанартауынан атқылады

AstanaTV
12.06.2025ж. 18:47
106
Биіктігі 100 метр алып лава субұрқақтары Гавайи жанартауынан атқылады

Жер бетіндегі ең белсенді жанартаулардың бірі Гавайидегі Килауеа жанартауы қуатты жүз метрлік лава фонтанын ұшырды. Бұл әсерлі табиғат құбылысы әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар мен туристерді қызықтырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметі бойынша, Килауэаның 25-ші атқылауы 2025 жылдың 11 маусымында болды.

Сондай-ақ 100 метрге жететін лава субұрқақтары 10 маусымнан бастап белсенділіктің бірте-бірте ұлғаюымен, кейде газ шығарындыларымен және шағын лава ағындарымен басталғаны айтылды.