Алматыда екі бірдей үй өртке оранып, бір адам қаза тапты. Қызыл жалынның жалпы аумағы 500 шаршы метрден асып кеткен. Тілсіз жау түнгі сағат 1-лер шамасында толық сөндіріліп, ер адамның мәйіті табылды. Оған қоса, өрт жайлаған алаңға жөнелтілген көлік жолда аударылып қалған. Абырой болғанда, құтқарушылардың ешқайсысы зардап шекккен жоқ.
ДИАС МУСИН, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Оқиға орнына 15 арнайы техника мен 50-ден аса қызметкер жұмылдырылды. Өрт бірнеше адамға ортақ барак типтес үйден шығып, кейін көршілес тағы бір үйге, одан соң, моншаға және қосалқы құрылымдарға тараған.