Ақтөбеде қыздары жұлып әкелген қызғалдақпен суретке түсіп, әлеуметтік желіге жариялаған ауыл әкімі әкімшілік жауапкершіліктен босатылып, оған қатысты іс тоқтатылды. Сот шенеунікті әкімшілік жауапкершіліктен оған қатысты нақты дәлелдердің болмауына байланысты босатты. Еске сала кетейік, сәуір айының соңында Мұғалжар ауданы Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округ әкімінің қызғалдақпен түскен фотосы әлеуметтік желігі жарияланды. Содан кейін ауыл әкімінің үстінен әкімшілік іс іс қозғалған. Сотта әкім гүлді алты және сегіз жастағы қыздары жұлып сыйлағанын айтқан болатын. Сот барысында ол қызғалдақтыңң сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар түрі екені дәлелденді. Бірақ полиция қызметкері әкімшілік құқықбұзушылықты бұл орайда бірқатар кемшілік жіберген көрінеді. Сондықтан облыстық Полиция Департаменті басшысына лауазымды тұлғаға шара қолдану үшін жеке қаулы шығарылды.
АЙПАТША МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
Хаттама толтырған лауазымды тұлға әкімшілік құқық бұзушылық болған жерді нақты анықтамаған. Одан басқа әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін растайтын құжаттар ұсынбаған. Дәлелдердің болмауына байланысты сотпен тоқталды.