$511.92 €588.91 ₽6.44
×

Павлодарда еңбек демалысын тойлатқан ана балаларын қараусыз қалдырған

12.06.2025ж. 20:00
83
Павлодарда еңбек демалысын тойлатқан ана балаларын қараусыз қалдырған

Павлодарда анасы балаларын екі күн бойы қараусыз қалдырған.   9 және 11 жастағы балалардың жылаған дауысын естіген көршілері полиция шақырыпты. Ал анасы еңбек демалысын құрбыларымен тойлатып, балаларын ұмытып кетсе керек. 2 күн бойы үйде қамауда жатқан балалар тамақ ішпей, аш құрсақ жүрген. Полиция оларды аймақтық балаларды қолдау орталығына орналастырды. Ал анасының жауапсыздығын арнайы комиссия қарап, шешім шығармақ. 

ЖАННА БІЛӘЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Анасының орналасқан жері анықталғаннан кейін куәландыру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша оның мас күйде екені расталды. Балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін анасы жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, оның мінез-құлқы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралатын болады.