$511.77 €593.19 ₽6.41
×

Ақтөбеліктер жол жөндеу жұмыстарының сағызша созылып кеткеніне наразы

12.06.2025ж. 20:00
79
Ақтөбеліктер жол жөндеу жұмыстарының сағызша созылып кеткеніне наразы

Ақтөбенің Оңтүстік батыс ауданының тұрғындары жол жөндеу жұмыстарының сағызша созылып кеткеніне наразы. Былтыр басталған шаруа аяқсыз қалған.   

Оңтүстік батыс ауданындағы жолдардың қазіргі сыйқы осы. Көктем мен күзде саз балшықтан аяқ алып жүру мүмкін емес. Бар асфальттың барлығын қырып тастаған соң, шаң көтеріліп жатыр дейді тұрғындар. 

ӘБДІБЕК ЖҰМАҒҰЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Көше салынбай жатыр. Жолда тас та жоқ, неде жоқ. Бір рет өзіміз тас төгіп, не қылдық. Олда кетіп қалды. Көшенің стқы мынау. Бәрі шашылып жатыр. Бастап еді. Тастап кетті. Ақшасын жеп қойды ма? Қашып кетті. Акиматқа звондаймыз айтамыз. Одан ешқандай нәтиже жоқ. 


САҒАДАТ АРЫСТАНБЕКҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Терезе аша алмайсын. Балдар деген дем ала алмайды. Терезе ашу невозможно. Асфальттың барлығын алып тастады.  Мына жердің барлығы сай болып жатыр. Осы жерге су жиналып үйге кетті. Алдынғы жылы басталған жол ғой. Әлі бітпей жатыр. 


Оңтүстік батыс ауданында былтыр жоспар бойынша 22 көше күрделі жөндеуден өтуі тиіс болған. Ол үшін 700  млн теңгеден астам қаражат бөлінген.Шілде айында  жол жөндеу жұмыстары басталған. Бірақ мердігер мекеменің жұмысынан көптеген қателік анықталып, жұмыс тоқтап қалған.  

ӘДІЛБЕК АХМЕТ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Тайманов көшесінде салынған асфальтта кемшіліктер анықталды. Оның ішінде «Кенда» жол лабораториясының тексерісіен кейін термдері шықпай қалды. Сонымен қатар технадзордың тарапынан эмульсияның жоқтығы анықталды және жұмыс қарқыны өте төмен дұрыс ұйымдастыру жоқ болғандықтан біздер сотқа берген болатынбыз мердігер мекемені.


Сот процесі әлі жалғасып жатыр. Бірақ мердігер мекеме екі аптадан кейін  бұл аудандағы жол жөндеу жұмыстарына қайта кіріспек. Бірақ бұл жолы  бақылау ерекше болады.