Қызылордада бірнеше тұрғын үлкен көлемде несие алып беремін дегенге сеніп, сан соғып қалды. Айтуларынша, бейтаныс әйел бір адам арқылы, оның жақындарының құжаттарына қол жеткізіп отырған. Солайша, сыртымыздан ниесие рәсімдеп, бізге банк бас тартты деп алдады дейді. Қазір 1 отбасының бірнеше адамы кемі 18- 20 млн теңге қарызынан қалай құтыларын білмей отыр.
Асылжан Асқаров 2023 жылы қазанда үй алмақ болған. Бейтаныс әйел 18 млн теңге көлемінде несие рәсімдеуге көмектесемін деп уәдені үйіп-төкті дейді ол. Ал кепіл болу үшін ата-аналарын шақыруды ұсынған. Бірақ жеме-жемге келгенде несие шықпады деп құжаттарын қайтарып берген көрінеді. Арада бірнеше ай өткенде өзінің және жақындарының банк алдындағы қарызы еселеніп жатқанын білген.
АСЫЛЖАН АСҚАРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
6 адамның атынан 8 банктен 20 млн шығарған. Қазір кредиттер төленбей жатыр. Бізді банктер қысып жатыр төле деп. Қазір бәріміздікі, менікі 9 ай болды төленбегеніне, сотқа кетіп қалды істің барлығы. Сот менің шотымды жауып тастады. Келіншегімдікі де просрочкаға кіріп жатыр. Атам да кіріп жатыр барлығы.
Қазір нақты неше адам сан соғып қалғаны белгісіз. Бірақ алдандық дегендер оның әлі күнге бостандықта жүргеніне ашулы. Оған қоса, қаулыда кеткен қателіктің салдарынан, несиенің өсімін тоқтату мүмкін болмай отыр дейді жиналғандар.
АҚҚАЛАМ ҚАРАТАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Мойыныма 5-6 млнды асып тастаған. Адамдарды пайдаланып отырған ұйымдасқан топ бұл. Өйткені бұл қыз саспайды. Үйінің табылдырығын тоздырдық. Әлі қамаған жоқ 1 ай болды жазғанымызға. Иә,тергеуші тағайындалған жоқ. Кеше бір қаулы беріп еді. Ол қаулының статиясын дұрыс жазбай қойған.
Қазір қарызға белшеден батқан тұрғындардың арызына сәйкес «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
СӘКЕН МҰХИТДИН, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
Тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық процестің 29-бабының талабына сәйкес егжей-тегжейлі оъективті жан-жақты тексеру жүргізіледі. Нәтижесімен түпкілікті процесуалдық шешім қабылбданады. Тергеу құпиялығына қарай, әрі-қарайғы мәліметтерді ашып ешнәрсе айта алмаймын.
Қолдарына бақыр тиын да тимеген борышкерлер енді тығырықтан қалай шығарын білмей дал. Алдады деген әйелдің жазалануын талап етуде.