Баспананы қолма-қол ақшаға сатып алуға тыйым салынуы мүмкін. Бүгін Сенат қабылдаған тұрғын үй құрылысына қатысты заң аясында бұл процесс банк арқылы жүзеге асырылмақ. Сондай-ақ, құрылысы басталмаған үйге ипотека рәсімделмейді. Алдымен тұрғын үйдің заңды салынуы тексеріледі. Жауаптылар бұл қадам үлескердің алданып қалмауы үшін жасалып жатқанын айтады. Осы мақсатта үлескерлерді қолдау орталығы құрылады. Онда қай компания тиісті құжатсыз жұмыс істеп жатқанын анықтауға болады.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Мақұлданған заң үлестік құрылыс саласында мемлекеттік реттеуді күшейтуді көздейді. Осы мақсатпен үлескерлердің құқығын қосымша қорғауды қамтамасыз ететін түзетулер топтамасы енгізілді. Жалпы заң үлескерлерді сенімсіз құрылыс компанияларынан қорғауға және ерекше қажеттілігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға оң септігін тигізеді деп сенеміз.