Қызылорда облысында сантехникалық бұйымдар шығаратын зауыт салынады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Roca Group директорлар кеңесінің төрағасы Сантьяго де Гомар Рокамен кездесуінде талқылады. Жоба бойынша кәсіпорын жылына 500 мың бұйымға дейін санитарлық-техникалық өнім шығарады. Ол ішкі нарыққа және Орталық Азия елдеріне экспортталмақ. Жалпы инвестиция көлемі -70 млн евро. Жоба 300-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.Кездесу соңында тараптар Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі және Roca Group арасындағы инвестициялық жобаны жүзеге асыру қағидаттары туралы негіздемелік келісімге қол қойды.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Қазіргі таңда өндіріс индустриялық аймағының инфрақұрылымы дайын. 20 гектар жер телімі берілді. Индустриялды аймақ қызылорда қаласында орналасқан. Бұлқала тұрғындарымен жақын маңдағы елді-мекендердің әлеуетті жұмыс күшіне қол жетімділігін қамтамсыз етеді. Зауыт Орталық Азиядағы құрылыс саласындағы ең ірі жобалардың біріне айналады деп күтілуде.