Алматы облысы Қарасай ауданында мектеп бітірушілер үшін ерекше маңызға ие кезең – аттестат табыстау рәсімі қарсаңында «Бала қауіпсіздігі басты назарда» атты брифинг өтті. Қаскелең қаласындағы "Жайлы мектеп" базасында ұйымдастырылған жиынға аудан әкімдігі, құқық қорғау органдары, төтенше жағдайлар қызметі, ата-аналар комитеті мен БАҚ өкілдері қатысты. 5000-ға жуық ата-ана мен түлек онлайн қосылды. Шара барысында ата-аналар мен мамандар өзара сұрақ жауап алмасып, қатысушыларға арнайы жадынама таратылды.
ӘСЕЛ ЕРКІМБАЕВА, ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біз ата аналармен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Балалардың арасында құқықбұзушылық тәртіпбұзушылық вандализм тағы да басқа үлкен күрделі қазіргі қоғамда орын алып жатқан мәселелердің алдын алу мақсатында өткізілген шара.
Аудандық полиция қызметкерлерінің айтуынша, 17 мен 25 маусым аралығында оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында күшейтілген режимде тексеріс жұмыстары жүргізіледі.
ЕРЛАН БЕКЕБАЕВ, ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:
Жұмыс күшейтілген түрде жүргізілетін болады. Яғни түнгі рейдтер. Яғни сол күні жаңағы парк, сквер, ойын сауық орталықтары, кафе, бар полностью барлығына жасақ қойылып, жұмыс күшейтілген түрде атқарылатын болады.