$511.77 €593.19 ₽6.41
×

Астанада балалар үшін ерекше экологиялық-шығармашылық лагерь жұмысын бастады

AstanaTV
12.06.2025ж. 20:00
202
Астанада балалар үшін ерекше экологиялық-шығармашылық лагерь жұмысын бастады

Астанада балалар үшін ерекше экологиялық-шығармашылық лагерь жұмысын бастады. "Жасыл әлем" атты бұл лагерь табиғатты аялауға баулып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған. Шара "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. 

Балалар мұнда табиғатпен етене араласып, экологиялық білім алып қана қоймай, киіз үй ішінде ұлттық дәстүрлермен де танысуда. Олар ата-әжелерінен бата алып, дәстүрлі тұрмыстық заттар жайлы тың мәліметтерге қанықты.

ЕРКІНОВ ДАМИР, ЛАГЕРЬ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:

Каникул уақытында балалар қоғамдық жұмыстарға араласып, осы "Жасыл әлемге" өздерінің күштерін жұмсайды. Қазақи сол киіз үйдің ішінде тұратын заттарымыз бар, солармен таныстырып, сол жерде балаларымызға ұлттық құндылықтарды сіңіреді.  


Ал «Биосфера – тіршілік мекені» атты арнайы танымдық бөлімде оқушылар биосфераның маңызын тереңірек түсіндік дейді. 

АЙША САҒЫМБЕКОВА, ОҚУШЫ:

Лагерьде өте қызықты жұмыстар жасап, микроскопта түрлі бактерияларды көріп және парктарға серуендеуге барып, сол жақта жаңа бір өсімдіктер туралы ақпарат біліп, мектептің қасында өсімдіктер ектік. Біз табиғатты қалай қорғау керек екенін үйрендік. 


Экологиялық ойындар мен шығармашылық шеберханалар балалардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, жаңа достар табуына себеп болды.

АҚЕРКЕ БАҚЫТҚЫЗЫ, АҒА ТӘЛІМГЕР:

Мұнда балалар экологиялық ойындар ойнайды. Табиғатты қорғау шаралары және де шеберлік сағаттары арқылы өздерінің табиғатты қорғауға деген құштарлықтарын арттырады, яғни жауапкершіліктерін де арттырады. 


Лагерьде оқушылар тек табиғатты қорғау дағдыларын меңгеріп қоймай, ұлттық ойындарды ойнап, дәстүрлермен де жақын танысады.